|
Британдықтар заңсыз иммиграциямен күресу үшін сандық ID-карталарды алып жүруге міндеттеледі
|
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер елдегі барлық жұмыс істейтін ересектерге Brit Card цифрлық жеке куәлік беруді бастама етіп көтерді. Бұл жайында islam.kz порталы Mobilaser ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құжат қолданыстағы One Login үкіметтік инфрақұрылымына негізделетін болады. Бастамашы топ цифрлы ID-карталар Ұлыбританияда жұмысқа орналасу құқығын тиімді тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, заңсыз көші-қон мен еңбекті пайдалану схемаларымен күресуге көмектеседі. Британ билігі, сондай-ақ, смартфонын пайдалана алмайтын немесе үйсіз-күйсіз азаматтар және қарт адамдар сияқты цифрлф әлемді жөнді білмейтін тұрғындар үшін жеке көмекті қамтитын қолдау бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Хабарламада жүйе соңғы буынға жататын шифрлау және аутентификация технологияларын пайдаланатыны, ал цифрлы есептік деректер пайдаланушылардың құрылғыларында сақталатыны айтылған. Дегенмен, наразылық білдірушілер бұл бастама азаматтардың бостандығын шектейтінін алға тартып отыр. Бұдан бөлек, жеке бастың құпия деректері қалай қорғалатыны айылмаған.