|
Британия генералы: "Ресеймен ядролық соғыс болуы мүмкін"
|
Британия генералы, НАТО-ның Еуропадағы күштері жоғары бас қолбасшысының бұрынғы орынбасары Ричард Ширрефф таяудағы жылдарда Ресеймен ядролық соғыс болады деп болжап отыр. Бұл туралы "The Independent" ақпарына сүйенген "ras.kz" хабарлайды. Британия генералының пікірінше, Мәскеу өзінің басқыншылық әрекеттерін Балтық бойы мемлекеттеріне көрсетеді. Сондықтан соңы міндетте түрде жанжалға апарып соқтырып, ядролық соққылар жасаумен аяқталатын Ресейдің басып кіруін тоқтату үшін НАТО-ның Латвия, Литва және Эстония елдеріндегі контингенті құрамын арттыру керек. Ширрефф Мәскеу өзінің басқыншылық мақсатына НАТО-ның өзінен әлсіз екенін білгеннен кейін Балтиядағы орыс тілді қауымға жасалып жатқан қысымды райдалануы мүмкін екенін айтады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы