|
Британиялық ЖОО өз эмблемасымен хижаб шығарды
|
Лондон қаласындағы Брунел университеті спорттық шараларға мұсылман бойжеткендерді өзінің формалық шариғат шәлісімен тартуды көздеп отыр. Sports England сауалнамасы нәтижесі көрсеткендей, Ұлыбритания аумағындағы мұсылман әйелдердің тек 18%-ы ғана спортпен шұғылданады екен, ал аталған елде спортты серік еткен әйелдер қарасы жалпы халықтың санына шаққанда 30%-ды құрайды. Бұл жайында BBC News ақпарат көзі хабар таратты. Әдетте бұл елдегі мұсылман қыз-келіншектер спортпен өз денсаулығын күту үшін шұғылданады, алайда, жарыстарға қатыспайды. Бұқаралық спорттық шараларға мұсылман қыз-келіншектердің қатысуы айналып келгенде олардың өз еркі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр