|
Бүгін Turksat 5A спутнигі ғарышқа жол тартады
|
Бүгін АҚШ аумағында ғарышқы ұшырудың жаңа маусымы басталады: Канаверал мүйісіндегі SLC-40 алаңынан Илон Масктың SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны түріктердің спутнигін орбитаға алып шығады. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Коммерциялық бағыттағы теледидарлық хабар таратудан бөлек аталмыш аппарат әскери мақсатта да, дәлірегі, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың әскери опреация жүргізетін диапозонын айтарлықтай кеңейтуге, т.б. әскери мақсаттарды орындауға мүмкіндік бермек. Спутникті Airbus Defence and Space мамандары тек электрлі қозғалтқыштармен жабдықталған Eurostar E3000EOR платформасында құрастырды. Мұндай модернизация 2014 жылы конструкцияның салмағын азайтуға мүмкіндік берген еді. Turksat 5А шамамен 3400 келі тартады әрі 31-ші меридиан шығыс бойлықтан жоғары нүктеде жер бетінен 35 786 шақырым биіктіктегі геостационарлы/геосинхронды орбитада орналасады. Ол кем дегенде 15 жыл қызмет етеді. Turksat 5A теледидар әне байланыс қызметі бойынша Қытайдың батыс шекарасынан Ұлыбританияның шығыс жағалауына дейінгі аумақта, дәлірегі, Түркия, Еуропаның біраз бөлігі, Африка, Орта Азия және Таяу Шығыс) қызмет көрсете алады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Ғалымдар сегізаяқты жасыруға көмектесетін қабілетті қайталауға мүмкіндік беретін пигментті өндірудің жолын тапты
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемдегі ең автократиялы елдің қалта телефоны тек хабарласу құралы ғана емес, сонымен бірге, тыңшылық ету құрылғысы (видео)
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)