|
БҰҰ: 2050 жылы босқындар саны 320 млн адамнан асады
|
Осы ғасырдың орта шенінде әлем бойынша босқындар қарасы 321 млн адамға жетуі мүмкін. Бұл жайында Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдеді. Әлемдік іргелі ұйым басшысының баяндамасында айтылғандай. Соңғы 15 жылдың ішінде босқындар саны 40 пайызға артқан. Қазіргі уақытта 244 млн-ға тарта адам босып жүр. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, бұл көрсеткіш алдағы уақытта артпаса, кемімек емес. Сондай-ақ, Пан Ги Мун әлем елдерін босқындарға пана болуға шақырды. Оның айтуынша, босқындарды қабылдауға жауапкершілікті бөлісетін «ғаламдық келісім-шарт» бекіту қажеттілігі турасында да айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Тұмау вирусы хакер секілді әрекет етеді: жасуша жүйесінің ішін бұзады