|
БҰҰ исламофобиямен күрес жөнінде қарар қабылдады
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ширек ғасырда әлем бойынша белең алып кеткен исламофобиямен күрес жөнінде арнайы қарар қабылдады. Исламофобиямен күресудің халықаралық күніне орай. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Исламофобиямен күресу шаралары» құжатын 115 мақұлдаса, 44 мемлекет қалыс қалды. Дегенмен, қарсы дауыс берген ел жоқ. Қалыс қалған елдер қатарында Украина, Армения, Франция, Полша, Германия, т.б. елдер бар. Бұл бастаманы Пәкістан тарапы көтерген еді. Халықаралық деңгейде осынау жат құбылыспен күресудің маңыздылығын айғақтайтын құжатқа Ислам ынтымақтастық ұйымы бірауыздан қолдау білдірді.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді