БҰҰ өкілі Үндістан билігін жергілікті мұсылмандарды қорғауға құлықсыздығын сынады
БҰҰ өкілі Үндістан билігін жергілікті мұсылмандарды қорғауға құлықсыздығын сынады
1 ай бұрын 386 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. UN official slams India's failure to protect Muslims

Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми өкілі Николия Леврат (суретте - ред.) Үндістан билігінің елдегі мұсылмандар құқығын қорғай алмай отырғандығын немесе қорғауға қабілетсіздігін қатаң сынға алды. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, ол Үндістан заңсыз жолмен басып алған Жамма пен Кашмирдегі Палгамадағы азшылықты құрайтын мұсылмандарға жасалған шабуылды ұйымдастырғандарды айыптай келе үнді билігінің өз азаматтарын террор мен лаңкестіктен қорғауға қауқарсыздығын қатаң сынға алды. БҰҰ баяндамасында күллі Үндістан аумағында исламофоиялық дерттің етек алуына, дәлірегі, азшылықты құрайтын мұсылмандарды діни сеніміне байланысты кемсітуіне жол бергені үшін де сынға алды. Осылай деген БҰҰ өкілі Үндістан халықаралық міндеттемелерді орындамай отырғандығын мәлімдеді. “Мемлекет өз азаматтарын қорғауға міндетті. Мемлекет әр азаматына қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауға міндетті”, деп шегеледі ол.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3