|
Cаудия барлық виза түрлері бойынша ұмра жасауға рұқсат етті
|
Саудия билігі қасиетті сапарды мейлінше жеңілдету мақсатында елеулі қадам жасады: бұдан былай аталған араб еліне кез келген виза бойынша аяқ басқандарға ұмра өтеуге рұқсат берді. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саудияның ққажылық және ұмра министрлігі бұл бастама исі мұсылман үшін діни сапарын жеңілдетуге, соның ішінде қажыларға жағдай жасауға бағытталғанын мәлімдеді. Ұмра қажылығын өтеуге Саудияға жеке саяхаттап барсаңыз да, отбасылық виза да, іскерлік мақсатта болсын, турист есебінде де, т.б. жарай береді. Қысқасы, ұмра үшін арнайы виза аштырып әуре болмайсыз. Осылайша түрлі мақсатпен барғандар бір мезетте рухани саяхаттап қайта алады. Тақ мұрагері Мұхаммед Салманның пәрменімен жүргізіліп жатқан Saudi Vision 2030 реформасы аясында туристік жобалар мен бастамаларға айрықша басымдық беріліп отыр. Соның ішінде қажыларға қызмет көрсету бойынша түрлі сервистер жетілдіріліп келеді. Замануи технологиялық жетістіктерді пайдаланып, рухани саяхатқа арналған, онлайн режимде визаа аштырудан бастап алдын ала қонақ үйлерден орын алып қоюға дейінгі сервистерді қамтитын түрлі платформалар пайда болуда.