Cаудия полициясы дронмен жабдықталған электрлі көлікке отырады (видео)
Cаудия полициясы дронмен жабдықталған электрлі көлікке отырады (видео)
3 ай бұрын 866 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саудия полициясы Lucid Air электрлі көлігін пайдаланатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы arabsride.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқы электрлік полиция көлігі таяуда ғана аталған араб елінің астанасында өткен дүниежүзілік қорғаныс көрмесінде жұртшылық назарына ұсынылды. Lucid Air әдеттегіден төбесінде орнатылған арнайы жәшікке жасырулы дронға арналған ұшып-қону алаңымен ерекшеленеді. Ол автоматты түрде ашылады, содан кейін дрон ұшуға дайын болады. Алдағы 10 жылда Lucid жергілікті құқық қорғау органдарына осы көліктің 100 000 данасын тапсыруды жоспарлап отыр. 2022 жылдың өзінде сәнді, яғни, люкс электр көлігін құрастыратын америкалық Lucid компаниясы Сауд Арабиясы билігімен қоршаған ортаға зияны жоқ «жасыл» көліктерді жеткізу туралы келісімге қол қойды. Айта кетейік, Lucid акцияларының 62 пайызы автокөлік өндірушіге 10 миллиард доллар инвестициялаған Сауд Арабиясының мемлекеттік қорына (PIF) тиесілі. Жергілікті билік Lucid компаниясының көмегімен Сауд Арабиясын электр көлігін шығаратын орталыққа айналдырып, он жыл ішінде мұндай көліктердің өндіріс көлемін жылына жарты миллион данаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Бүгінде Lucid Air электр көлігінің төрт нұсқасы бар. Ең арзаны - артқы осінде 436 ат күші бар электр қозғалтқышымен және қуаты сағатына 88 киловатт құрайтын батареямен жабдықталған бір доңғалақты Pure. Бұл электр көлігі 4,5 секундта сағатына 97 шақырым жылдамдықпен орнынан қозғалады, бір зарядпен 660 шақырымды жүріп өтеді, 77,4 мың доллар тұрады. Қымбатырағы (110 900 доллар) - қос қозғалтқышты Grand Touring нұсқасы 1065 ат күшіне ие, бір зарядпен 719 шақырым қашықтықт бағындыра алады. Ал ең қымбаты - Air Sapphire нұсқасы, құны - 249 000 доллар. Ол 1200 ат күшіне ие, үш моторлы жүйемен жабдықталған. Lucid Air-тің қай нұсқасы саудиялық полиция көлігіне негіз болғаны белгісіз.

 

0 пікір
Мұрағат