ChatGPT-қа деген «сұраныс» Қытайдың жасанды зерде технологиясымен байланысты компаниялар акциясының құнын арттырып жіберді
ChatGPT-қа деген «сұраныс» Қытайдың жасанды зерде технологиясымен байланысты компаниялар акциясының құнын арттырып жіберді
1 жыл бұрын 987 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kaitlyn Baker / Unsplash

Күллі әлемде «ChatGPT-маниясы» басталды. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы бот арқылы үй тапсырмасын орындайтын оқушылардан бастап, ғылыми еңбегін қорғайтын жоғарғы оқу орнының түлектері шыға бастады. ChatGPT қаңтар айында жүктеп алу саны бойынша ең жылдам өсіп келе жатқан қолданба ретінде әлемдік рекорд орнатты. Екі айдың ішінде оны қолданушылардың саны 100 миллионға жетіп, күн сайын 13 миллион адам қолданбаны пайдаланады. Түрлі тақырыпты қамтитын мақала жазудан бастап, тіпті, «поэзиялық қабілетін» танытқан ChatGPT тарихта ең шапшаң жүктелген қолданба ретінде танылса да Қытай аумағында бұл өзгеше сервис жабық. Міне, осыған байланысты, дәлірегі, аталмыш қолданбаға деген инвесторлардың қызығушылығы Hanwang Technology, Information Technology және Cloudwalk Technology сияқты AI компанияларының акцияларының бағасын күрт көтеріп жіберді. CSI AI Industry Index жыл басынан бері 17 пайызға өсіп, Шанхай және Шeнжен қор биржаларындағы 300 негізгі компанияның акцияларын қамтитын CSI300 индексінен асып түсті (6 пайызға өсті). Бұл ретте қытайлық компаниялар ChatGPT-ке тең келер жоба әзірге жоқ. Соған қарамастан ChatGPT-ке ұқсас жоба әзірлену үстінде: Baidu компаниясы Ernie bot жобасын осы көктем мезгілінде сынақтан өткізуді аяқтайды. Аталмыш компания акциясының құны осы хабарландырудан кейін 15 пайызға өсіп кетті.

Ұқсас материал:

"ChatGPT қағазға қаламмен жазуды меңгерді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/chatgpt-qagazga-qalammen-jazudy-mengerdi-video-18117/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат