|
Cомалидің аумақтық суын түріктер бақылайтын болады
|
Африка құрлығының шығысында орын тепкен, жағалауын Тынық мұхитының суы шайып жатқан ел – Сомали билігі он жылға өзінің аумағындағы суды Түркияның бақылауына берді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Anadolu ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған екі ел арасындағы келісімге сәйкес түрік әскерилері Сомалидің су кеңістігін күзететін болады. Бұдан бөлек, екі ел терроризмге, қарақшылыққа және өзге де қауіп-қатерге қарсы бірігіп тойтарыс береді. Бұған қоса, түрік мамандары сомалилік әріптестеріне теңіз ресурстарын игеруге көмектеседі. Сомали билігі осы он жыл ішінде сыртқы жаудан қорғануға мүмкіндік беретін өзінің әскери-теңіз күштерін қалыптастыруға үміт артып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді