Дамашықта ішкілікке шектеу қойылады
Дамашықта ішкілікке шектеу қойылады
1 сағат бұрын 47 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дамашық қаласында (Сирия астанасы) ішімдік өнімдерінің саудасына шектеу қойылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде AFP агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы шектеу шарасына байланысты спиртті ішімдіктер бұдан былай қарай тек христиандар көптеп шоғырланған аудандарда ғана сатылады. Оның өзінде, ішімдік биліктің арнайы рұқсатына ие дүкендерде ғана сатылады. Ішімдік саудасымен айнаалысатын дүкендер меешіттер мен шіркеулерден, мектептер мен мазарлардан кем дегенде 75 метр, ал полиция мекемелері мен үкімет ғимараттарынан аз дегенде 20 метрден қашық орналасуы тиіс. Сирия астанасындағы мейрамханалар мен түнгі клубтарда, барларда, қысқасы жастар жиі бас қосатын көңіл көтеру орындарында енді ішімдік саудасына жол бергендер тиісті жазасын алады. Бұған жергілікті тұрғындардың қоғамда ғасырлар бойы қалыптасқан саламатты өмір салтына, діни құндылықтар мен дәстүрге қайшы келетін жат әдетке қатысты арыз-шағымдары түрткі болған. Бұған қоса, ішімдік жарнамасына да тыйым салынды.

0 пікір
Мұрағат