Денсаулыққа қауіпті тағам өнімін өндіргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалатын болады
Денсаулыққа қауіпті тағам өнімін өндіргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалатын болады
10 ай бұрын 793 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжан республикасының қылмыстық кодексіне енгізілген түзетуге сәйкес адам денсаулығына қауіп төндіретін өнім өндірген тұлғаларға он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Бұл жайында islam.kz порталы Trend.аz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің президенті Илхам Әлиев қол қойған құжат талаптары бұзылса, яғни, егер мұндай зиянды өнімдер едәуір көп мөлшерде әзірленсе, соның ішінде адам өмірі мен денсаулығына қауіпті тағам өнімдерін сату мақсатында қасақана өндіргені, өткізгені немесе сақтағаны үшін - он мыңнан он бес мың манатқа дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Егер мұны алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса, қайталап жасалған нақ сол әрекеттері үшін және ірі мөлшерде жасағаны үшін бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осы кодекстің 200-3.1 немесе 200-3.2-баптарында көзделген әрекеттер үшін, яғни, егер абайсызда жәбірленушінің денсаулығына елеусіз немесе ауыр зиян келтірілсе кінәлі тұлғаны үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы  жазаланады. Қылмыстық кодекстің 200-3.1 немесе 200-3.2-баптарында көзделген әрекеттер үшін, яғни, егер қауіпті өнімді тұтыну абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса кінәлі тұлғаны үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал кодекстің 200-3.1 немесе 200-3.2-баптарында көзделген әрекеттер үшін, яғни, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін кінәлі тұлғаны үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

0 пікір
Мұрағат