|
Діни емес жоғарғы оқу орнының оқу бағдарламасына Құран мен түсіндірмесін енгізілді
|
Пәкістанның Пенджаб провинциясының жетекшісі Шадури Мұхаммед Сәруар (суретте) қоғам күтпеген бастама көтеріп, қасиетті Құран мен оның түсіндірмесін университеттердің оқу бағдарламасының ажырамас бөлігіне айналдырды. Яғни, қасиетті құран мен оның түсіндірмесі өз алдына бөлек пән ретінде міндетті түрде оқытылады. Пенджаб жоғарғы оқу орындарының қабырғасында қасиетті Құран мен оның түсіндірмесін мұсылман студенттерге урду тілінде оқытылады. Осы жаңашылдыққа байланысты қабылданған директивада аталмыш провинция аумағындағы барлық жоғарғы оқу орнын тәмамдағандарға ендігі жерде Құран курсынан өтпесе диплом берілмейді. Пенджаб провинциясының барлық ректорлары бұл бастамаға қосылып, қолдау көрсетуде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Таяу Шығыс аймағынан алтынның ірі кеніші табылды
■
Араб елінде алтын құймаларына арналған банкомат пайда болды
■
Әлемде алғаш рет ұшқышсыз ұшатын Bayraktar Kızılelma жойғыш ұшағы ұшақты атып құлатты (видео)
■
Әр наным-сенім бойынша діннен шығу көрсеткіштері жарияланды
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды