Дубайда 100 тоннадан аса “жасыл” сутегі өндірілді
Дубайда 100 тоннадан аса “жасыл” сутегі өндірілді
3 ай бұрын 1086 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дубайдың сумен жабдықтау және электрмен қамту басқармасы (DEWA) Green Hydrogen жобасы маңызды кезеңге жеткенін хабарлады: 2021 жылдың мамыр айында іске қосылғаннан бері 100 тоннадан аса «жасыл» сутек өндірілді. Бұл жайында islam.kz порталы BUSINESS EMIRATES ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өндірілген сутегінің едәуір бөлігі сағатына 1,15 ГВт астам таза электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылды, ал бұл жайт өз кезегінде атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газын 515 тоннадан астам азайтуға мүмкіндік берді. 11 тоннадан астам өнім ENOC компаниясына жөнелтілді – сутегімен жүретін автокөліктер үшін, сондай-ақ, басқа да өнеркәсіптік құралдарды қуатпен жабдықтау үшін пайдаланды. Бұдан басқа, маңызды жоба 2050 жылға қарай экологиялық таза көздерден энергия өндіруді 100% қамтамасыз етуге және «жасыл» бағдарламаны дамытуға бағытталған Біріккен Араб Әмірлігінің ұлттық сутегі стратегиясын, Net Zero 2050 стратегиясын, Dubai Clean Energy Strategy 2050 және Dubai Net Zero Carbon Emissions Strategy 2050 іске асыруға елеулі үлес қосады 2030 жылға қарай. Alvarez & Marsal компаниясыәзірлеген Green Hydrogen Report 2024 баяндамасы бойынша аталған араб елі жасыл сутегінің бәсекеге қабілеттілігі рейтингінде көш бастаған. Сонымен қатар, Green Hydrogen Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы күн энергиясын пайдаланатын «жасыл» сутегі өндірісі бойынша алғашқы жоба болды.

0 пікір
Мұрағат