|
Эфиопияда 100 мың жұмыс орны ашылады
|
Еуропалық одақ пен Дүниежүзілік банк Эфиопияда 100 мың жұмыс орнын ашпақ. Осы істерімен олар Эфиопия еліне босқын дағдарысынан қысылмай шығуға жәрдем береді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жоспар бойынша жаңа екі индустриялдық аймақ ашылуы керек. Оған жарты миллиард доллар жұмсалады. Есесіне, ресми Аддис-Абеба елге келген 30 мың босқынның жұмыс істеуіне рұқсат беруі шарт.
Жаңа жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінде жарияланды. Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэйдің айтуынша, егер бастама сәтті жүзеге асатын болса, өзге де дамушы аймақтарға үлгі болады.
Айта кетейік, Эфиопия - Африкада босқындарды ең көп қабылдаған мемлекет. Соңғы жылдары онда Оңтүстік Судан мен Эритрея және Сомали елдерінен 700 мыңнан астам босқын барған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты