|
Егде тартқан адамдар қамқоршысынсыз қажылыққа жіберілмейді
|
Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы жасы егде тартқан адамдарды бұдан былай қасиетті сапарға қамқоршысы болмаса, жібермейді. Бұл жайында AlmatyNews ақпарат агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Мұндай шараның қабылдануына М.Мансұрова есімді 78 жастағы қажының жуырда жергілікті емханада жүрек ауруынан қаза тапқаны себеп болған. Оның жанында туыстарынан бірде-бір адам болмаған. Сондай-ақ, ҚМДБ Мина жазығында орын алған қайғылы жағдайдан зардап шеккен отандастарымыз жоқ екенін хабарлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр