Электронды қоқыстан басы-бүтін бас тартқан Малайзия біршама жетістікке қол жеткізе бастады
Электронды қоқыстан басы-бүтін бас тартқан Малайзия біршама жетістікке қол жеткізе бастады
7 сағат бұрын 94 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Малай кеденшілерінің электронды қоқыс импортына толық  тыйым салғаны туралы  хабарлағанбыз (қараңыз: Тағы бір ел электронды қоқыс импортына тыйым салды)Тіпті, заңсыз әкелу жолын кесіп, қатаң бақылау орнатып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Basel Action Network ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы екі ай шамасында малайлық кеденшілер бұл тараптағы күресте едәуір нәтижеге қол жеткізген. Арыдан қайырсақ, 2023 жылдың ақпан айынан бері электронды қоқысты Таяу Шығыс аймағы мен оңтүстік-шығыс Азияға экспорттайтын Америка құрама штаттарына 7500 тоннадан асатын электронды қоқысты кері жөнелткен. Жыл сайын күллі әлем бойынша шамамен 10 млн тонна электронды қоқыс пайда болады. Ауыр металдар мен пластик және өзге де улы заттар бөлетін электронды бұйымдар қоқысын экспорттауда АҚШ көш бастап тұр. Осы таяуда малайлық арнайы жедел әрекет ету тобы рейд жүргізіп, елдегі аса ірі Кланг айлағынан 242 тонна электронды қоқысты АҚШ-тың өзіне кері жөнелтті. Сиэтлдік Basel Action Network (BAN) ұйымы кем дегенде 10 америкалық компанияның пайдаланылған және істен шыққан электронды бұйымдарды Азия елдері мен Таяу Шығысқа ұдайы экспорттайтынын айғақтайтын екі жылдық тексерудің нәтижелерін жариялады. АҚШ айлақтарынан ай сайын шамамен 33 мың тонна пайдаланылған электронды қоқыс тиелген 2000 контейнер жөнелтіледі. 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде экспорт көлемі 1 млрд. доллардан асқан, бұл көрсеткіш  10 мың контейнерге тең. Бұл бағыттағы басты қиындық - оңтүстік-шығыс Азия мен Таяу шығыс елдерінің электронды қоқысты қауіпсіз жолмен қайта өңдейтін жеткілікті қуаты жоқ. Салдары - қалдықтардың көп бөлігі полигондарға тасталады. Онда электронды қоқыс қорғасын, кадмий және сынап бөліп, қоршаған орта мен тіршілік иелеріне қауіп төндіреді.

Электронды қоқысты ең көп экспорттайтын он компания анықталған:

  • Attan Recycling
  • Corporate eWaste Solutions (CEWS)
  • Creative Metals Group
  • EDM
  • First America Metal Corp.
  • GEM Iron and Metal Inc.
  • Greenland Resource
  • IQA Metals
  • PPM Recycling
  • Semsotai

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегіне сәйкес әлемдік электронды қалдықтардың мөлшері өңделетін мөлшеріне қарағанда бес есе тез өсуде. 2022 жылы 62 млн тоннаға жетсе, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 82 млн тоннаға жетуі мүмкін.  Электронды қалдықтар құрамында бағалы элементтер (алтын, мыс, палладий) және қорғасын мен сынапты қоса алғанда уытты заттар да бар. Олардың дұрыс өңделмеуі топырақ пен судың ластануына, сондай-ақ, бейресми секторда жұмыс істейтін қызметкерлердің улануына әкеп соқтырады.

Азия неліктен әлемдік электронды қоқыс орталығына айналды

Қытай 2017 жылы шетелдік қалдықтарды импорттауға тыйым салғаннан кейін көптеген қайта өңдеушілер операцияларды аймақтың басқа елдеріне - Малайзия, Индонезия, Таиланд және Филиппинге ауыстырған.

Компаниялар тыйым салуларды қалай айналып өтеді

BAN зерттеу тобы америкалық экспорттаушылар жүктерді декларациялау кезінде тауарлардың кодтарын қолдан жасайтынын мәлімдеді. Электронды қалдықтар «металл шикізаты» немесе «өңделетін материалдар» ретінде кеденнен өтеді немесе шекара асырылады. Мұндай алаяқтық кедендік шектеулерді айналып өтуге және «заңдастыруға» мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар:

Биылғы электронды қоқыс салмағы Ұлы Қытай қорғанынан ауыр тартпақ

Электронды қоқыс

0 пікір
Мұрағат