Emirates Airline және Dubai Duty Free криптовалютамен есеп айырысу жүйесін енгізді
Emirates Airline және Dubai Duty Free криптовалютамен есеп айырысу жүйесін енгізді
5 ай бұрын 560 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғындары мен Дубайға барған саяхатшылар көп ұзамай әуе билеті мен кеден салығы салынбайтын сауда орындарының тауарларын криптовалютаға сатып ала алатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Gulf News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай мүмкіндік Crypto.com халықаралық платформамен арадағы екі жаңа келісімнің арқасында пайда болады. 2025 жылдың алғашқы жартысында 4,1 млрд дирхамнан аса табыс тапқан Dubai Duty Free желісіне қарайтын дүкендерде де, онлайн режимінде де криптовалюта қабылдау мүмкіндігін зерттеу үшін Crypto.com меморандумға қол қойды. Бұл келісім жиһангерлерге сауда кезінде есеп айырысудың қолайлы нұсқасын қарастырған. Crypto.com компаниясы бірлесіп зерттеулер жүргізуді және крипто төлемдері үшін тың әдістерді әзірлеуді, сондай-ақ, клиенттерге өзге де қолайлы жағдай жасау үшін маркетингтік науқандар мен сандық құралдарды іске қосуды жоспарлап отыр. Emirates-тің флагмандық тасымалдаушысы да цифрлық толқынға қосылады. Осыған ұқсас келісім аясында аталған компания келесі жылы Crypto.com Pay төлем жүйесін өзінің брондау және басқа да төлем жүйелеріне кіріктірмек. Бұл өзгеріс өз кезегінде жолаушыларға билеттерді және қызметтерді криптовалютамен төлеуге мүмкіндік береді. Emirates президентінің орынбасары Аднан Қазымның айтуынша, мұндай қадам қаланың озық технологияларды енгізу және саяхатшылардың жас, технологиялық жағынан білімді буынын тарту жөніндегі стратегиясына сәйкес келеді. Осы орайда таяуда Дубайдың жер департаментінің виртуалды жылжымайтын мүлік үшін блокчейн-экожүйе құру туралы Crypto.com-мен меморандумға қол қойғанын айта кетпекпіз. Бұл келісім 2033 жылға дейін жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелер бойынша триллион дирхам сомасына дейін қаржы тартуға немесе табыс табуға көмектеседі. Қазіргі уақытта мемлекеттік алымдарды цифрлық валютамен төлеуге рұқсат берілген - бұл қадам криптовалютамен күнделікті транзакцияларды жасауға мүмкіндік бермек. Дубай осылайша әлемдегі жетекші цифрлы қаржы технологиясының орталығына айналуға тағы бір маңызды талпыныс жасады.

0 пікір
Мұрағат