|
Ең көп квота бөлінетін мұсылман елі қажылықтан бас тартты
|
Индонезия билігі тәжді тажал пандемиясына байланысты биыл ел азаматтарына қажылыққа баруға тыйым салды. Жұқпалы індетттің одан ары таралуының алдын алудың сақтық шарасы ретінде осындай қадамға барып отыр. Басында аталған ел билігі қажылардың тек жартысын ғана қасиетті сапарға аттандырмақ болған. Алайда, қауіпсіздікті басты орынға қойып, мұндай қатерлі қадамнан бас тартты. Осы орайда Саудия билігінің биылша ұмраға (кіші қажылық) тыйым салғанын айта кету керек. Десе де шілде айында басталуы тиіс үлкен қажылыққа қатысты нақты бір шешімге келе қойған жоқ. Әлемде қажылық үшін ең көп квота бөлінетін ел - Индонезия (221 мың орын). Осы уақытқа дейін оның 90%-ы брондалып қойған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады