|
Энергетикалық зеңбірек бір атқанда елуге жуық дронды істен шығарады (видео)
|
Америкалық Epirus компаниясы ұшқышсыз ұшу аппараттарымен тиімді күресе алатын, дәлірегі, бір атқанда елу шақтысын жоя алатын Epirus Leonidas энергетикалық жүйесін жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы тұста соққы беруге арналған дрондардың үйірімен шабуылы жеке-дара шабуылынан анағұрлым тиімді болып келетінін айта кетпекпіз. Дрондар үйіріне тойтарыс беру үшін қорғаныстың түрлі деңгейін қолдануға тура келеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күресуге арналған жаңа, ерекше қаруда галлий нитридінен (GaN) жасалған жартылай өткізгіштер кеңінен қолданылған екен - энергияны аз тұтынатын, ықшам, ұтқыр жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, арнайы бағдарламалық жасақтама ең жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін зақымдау сигналының нысанын бағдарлайды. Бірегей жүйе айналадағылар үшін қауіпсіз, ал оның әрекет ету қашықтығы үш жыл бұрынғы нұсқасынан екі есе артық. Дегенмен, Leonidas-тың басты ерекшелігі - көп функциялығында. Мәселен, айрықша жүйе бір мезгілде дрондарды жоя отырып, жау жағын бақылайды және өзінің ұшу аппараттарын өткізу үшін ұшуға болмайтын аймақтар қалыптастыра алады.