|
ЕО елі мигранттарға батыс құндылықтарын таңу курсынан өтуді және ант қабылдауды міндеттейді
|
Австрия билігі елде тұрғысы келетін немесе азаматтық алғысы келетін мигранттарға батыс құндылықтаны тану курсынан өтуді әрі ант қабылдауды міндеттейтін ереже қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған еуропралық елдің интеграция жөніндегі министрі Клаудио Плакольм мәлімдемесіне жөн сілтеген Heute ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министр Австрия аумағында қалғысы келетін шетелдіктердің елдің құндылықтарына тіл тигізбеуін немесе елеусіз қалдырмауын шарт етіп қойып отыр. Ең басты құндылықтар ретінде ол сөз бостандығын, ерлер мен әйелдер теңдігін, т.б. алға тартты. Мигранттарға батыс құндылықтарын тану курсынан өту мерзімі бес күнге шақталған. Осыдан кейін мигранттар ондаған қағидаға адалдығын танытып, ант қабылдауы тиіс: нәсілдік кемсітушілік пен алалаушылыққа жол бермеу, барлық дінге құрметпен қарау, қоғамның дамуына атсалысу, жұмыс іздеу және неміс тілін білу, т.б.