|
ЕО Ресей мен Қытайдан келетін ақпараттарға бақылауды күшейтеді
|
Еуроодақ Қытай мен Ресей тарапынан төнетін “гибридті шабуылға” тойтарыс беру әрі “зиянды нарративке” қарсы тұру немесе күресу үшін демократиялық тұрақтылық орталығын құрады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Еурокомиссияның құжатына жөн сілтеген The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ЕО-дағы аталмыш, жаңа құрылым ақпараттық науқандарды қадағалап, сыртқы әсердің тигізер нақты залалының алдын алады. Соның ішінде еруопалық Die Welt, Le Point, La Stampa және Polskie Radio бұқаралық ақпарат құралдарының атын жамылатын ресейліктер тарихи фактілерді бұрмалап, теріс ақпарат таратуға машықтанған. Мұндай әдіске Қытай да жиі жүгінеді. Брюсселдің мәлімдеуінше, Қытай өздеріне қолайлы ақпараттарды жекеменшік PR-агенттері арқылы таратуды мақсат етеді. Ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, бұдан бөлек, ықпал етудің өзге де тетіктерімен ақпарат алмасу құрылымдарына мониторинг жүргізеді, түрлі айла-шарғыға иммунитетті қалыптастыруға күш салады.