|
Еуропадағы ең ірі мешіттердің біріне қандай атау қойылатын болды?
|
Башқұртстанның мұсылман жамағаты елдегі тұрғызылып жатқан бас мешітке қандай атау қоятындарын шешіп қойды. Еуропадағы ең ірі мешіттердің бірі болатын аталмыш құлшылық үйіне «әр-Рақым» деген атау берілмек. Ел астанасы – Уфа қаласындағы бұл мешіт Ресей Федерациясы аумағындағы ең биңк құлшылық үйі болайын деп тұр. Оның мұнарасының биіктігі – 74 метр, Грозный шаһарындағы «Шешенстан жүрегі» деп аталатын мешітінен 13 метрге биік, сондай-ақ, Қазандағы «Құл-Шәріп» мешітінен 17 метр биік. Аталған құлшылық үйінде намаз оқитын залдан бөлек медресе мен ислами кітапхана болады. Келесі жылы бұл мешіт мұсылмандар мен меймандарға есігін айқара ашатын болады.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ыстық суда өсіп, биология заңдылығын жоққа шығаратын тіршілік иесі анықталды (видео)
■
Биоинженерлер кәрі жасушаларды жасартудың жолын тапты
■
Банк туралы заң жобасынан ислам ипотекасына жол ашатын норма түсіп қалған — Ләззат Ибрагимова
■
Араб елінің қолөнері мұхит асып жатыр
■
Жарылғыш көпіршіктермен іске қосатын микроботтар жасалды (видео)