Еуропалық бір елдің өзінде жалғызбасты жандар қарасы соңғы 20 жылда 17 млн-ға жеткен
Еуропалық бір елдің өзінде жалғызбасты жандар қарасы соңғы 20 жылда 17 млн-ға жеткен
5 ай бұрын 789 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Германиядағы жалғызбасты адамдар үлесі күллі еуропалық одақ бойынша орташа деңгейден әлдеқайда жоғары. Жалғызбасты адамдар қарасы тек қарттар арасында ғана емес, сонымен қатар, жастар арасында кбейіп барады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Германияның федералды статистикалық басқармасы келтірген дерекке жөн сілтеген DW ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүгінгі таңда Германия аумағында 17 млн адам, яғни, халықтың жалпы санына шаққанда ел тұрғындарының 20,6%-ы жалғыз тұрады. Жалғаз тұратын 65 жаастан асқан егде жастағылар саны 34% болса, жалғыз тұратын 85 және одан жоғары жастағы жалғызбасты қарттар қарасы 56%-ды құраған. Ал 25-34 жас аралығындағыларға келсек, жалғыз тұратындар қарасы 28%; Жастар арасында ерлерге қарағанда әйелдер үлесі басым - 21,2% (ерлер - 20%). Германияда бір адамнан тұратын үй шаруашылығының жалпы саны 41,6% -ға жеткен. Болжам бойынша 2040 жылға таман бұл көрсеткіш 45% -дан асуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат