Еуропалық ел азаматтарына өзінің сыртқы келбетіне авторлық құқықты беретін режимге көшті
Еуропалық ел азаматтарына өзінің сыртқы келбетіне авторлық құқықты беретін режимге көшті
4 сағат бұрын 67 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бала туғанда туу туралы куәлікпен қоса оған авторлық құқық та беріледі. Осылайша Дания билігі азаматтарға дипфейкпен күресу үшін бет-бейнесін көшіруге мүмкіндік беретін заңнамалық түзетуді қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы shazoo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Былай қарасаң, мұндай қадам (адамнің жаратылысынан берілетін өзі түр-түлғасына иелік ету құқығы) ақылға сыймайтын немесе көңілге қонбайтын шара ретінде қабылдануы мүмкін. Құжатсыз да адамға тән ерекшелікті заңдастыру не үшін қажет болды. Мұндай тосын шара цифрлы кеңістіктегі арам мақсатта пайдаланылатын түрлі айла-шарғыға қарсы тұрудың амалы ретінде қарастырылады. Құжат даниялықтарға өз бейнесіне, бет-әлпетіне, түр-тұлғасына және дауысына авторлық бақылау орнатуына жол ашады. Бұл бағыттағы қорғау шарасы онлайн-платформалардан адамның келісімсіз орналастырылған немесе жарияланған кез келген өз бейнесін, оның ішінде дипфейктерді жоюды талап етуге мүмкіндік береді. Түзету, сондай-ақ, артистердің рұқсатынсыз «шынайы, сандық тәсілмен жасалған имитацияларға» тыйым салады. Заңды сақтаудан және контентті жою туралы сауалдарға жауап беруден бас тартатын технологиялық платформаларға қомақты айыппұл салынады. Ал жеке басы дипфейкада пайдаланылған адам да өз кезегінде кінәлі жақтан өтемақы талап ете алады. Мұндай қорғау тетіктері күтпеген салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Адам өзіне ұнамайтын фотосуретті жою үшін авторлық құқықты пайдалана ала ма? Түзету дипфейкті сыртқы келбеті мен дауысын қоса алғанда, «адамның өте шынайы цифрлық көрінісі» ретінде айқындайды. Бұл ретте пародиялар мен сатира бұл түзетуден тыс қалады- адамның өз еркімен пайдаланудың стандартты тұжырымдамасы сақталады.

0 пікір
Мұрағат