Еуропалық елде жерлеу шығыны өсіп келеді
Еуропалық елде жерлеу шығыны өсіп келеді
5 ай бұрын 923 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

ESRC (CPC) халықты өзгерту орталығы жүргізген зерттеу нәтижесі Лондонда мемлекет қаржыландыратын кремациялаудың (мәйітті өртеу) немесе мәйітті көмудің (жер қойнына тапсыр) ең жоғары деңгейі бар екенін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы хабарлайды. Саутгемптон университетінің CPC директоры, профессор Жейн Фолкингем «кедейлік пен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жерлеу процедурасы арасында нақты байланыс» бар екенін және олардың саны өсіп келе жатқанын айтты. Мемлекеттік қазынадан төленетін жерлеу бұрын «пауперлерді» жерлеу деп аталатын, енді ол «әл-ауқат» немесе «қоғамдық денсаулық сақтау жерлеу» (PHF) деп өзгертілген. Мұндай мемлекет немесе салық төлеушінің есебінен жерлеу жалғыз қайтыс болғандарға, туысы табылмағандарға, кедейлерге қатысты қоолданылады. Жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастығының жақында жүргізген шолуы көрсеткендей, қоғамдық кеңестер күніне орта есеппен 12 жерлеу жөн-жоралғысын ұйымдастырады - жылына шамамен 6 миллион фунт стерлинг шығынға батады. Саутгемптон университетінің CPC ғалымдары Би-Би-СІ-мен ынтымақтастықта қоғамдық денсаулық сақтауды жерлеудің төрттен бір бөлігін NHS ауруханалары өткізетінін анықтады. Шығыны қосымша жылына 1,36 млн фунт стерлингке жеткен. Зерттеушілер BBC South жасаған ақпарат еркіндігі туралы жүздеген сауалдардың деректерін талдап, мемлекет қаржыландыратын жерлеу шараларының саны 2014-15 жылдары 4 760-тен 2020-21 жылдары 7 020-ға дейін өскенін анықтады.

0 пікір
Мұрағат