Еуропалық елдің соты алғаш рет шариғи негізде шығарылған үкімнің заңдылығын мойындады
Еуропалық елдің соты алғаш рет шариғи негізде шығарылған үкімнің заңдылығын мойындады
3 ай бұрын 1009 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Венаның (Австрия) азаматтық істер жөніндегі жер соты бірыңғай шариғат негізінде шығарылған арбитражды шешімнің заңдылығын алғаш рет мойындады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы талас-тартыс кез келген даулы істі шариғат қағидаттары бойынша шешетін ислам төрелігіне беру туралы келісім жасаған екі мұсылман арасындағы дау-дамайдан (Ahlus-Sunnah wal-Jamaah) туындады. Төрешілер олардың біреуін екіншісіне 320 мың еуро төлеуге міндеттеді. Алайда, бұл шешімге келіспеген, сотта ұтылған тарап қарсы тараптың пайдасына шешілген үкімді австриялық құқық негіздеріне қайшы келеді деп, мемлекеттік сотқа жүгінген. Алайда, сот Австрияның азаматтық іс жүргізу кодексінің 611-бабында қарастырылған қағидатты басшылыққа ала отырып, шағымды қанағаттандырмады. Осы нормаға сәйкес төрелікте пайдаланылған нақты құқықтық ережелердің мазмұны емес, тек қорытынды шешімнің ұлттық құқықтық жүйенің іргелі қағидаттарына сәйкестігі тексеріледі. Бұл жағдайда сот азаматтық істер жөніндегі кодекстің 603-бабы бойынша исламдық нормалардың құқықтық мәртебесі болады және мүлікке қатысты тұтанған дау-дамай төңірегіндегі төрелік келісімдерде заңды түрде қолданылуы мүмкін. Осылайша, шариғи негіздегі соңғы үкім австриялық құқықтың базалық құндылықтарына қайшы келмесе болғаны, тіпті, шариғаттың жекелеген ережелері ұлттық заңнамаға формалды түрде қайшы келетін жағдайлардың өзінде де Австрияда құқықтық мәртебеге ие екенін сот растап берді.

0 пікір
Мұрағат