|
Еуропалық қалада әйелді жеккөретіндер экстремиске теңестіріледі
|
Амстердам билігі мизогинияны (әйелді жеккөру) экстремистік идеология ретінде тану туралы шешім қабылдамақ. Бұл бастаманы қалалық мәслихат депутаттарының көпшілігі қолдады. Бұл жайында islam.kz порталы Het Parool мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қала билігінің мұндай қадамға баруына соңғы жылдары жастар арасында әйелді жеккөрушіліктің етек алғаны себеп болған. Амстердам қалалық кеңесіндегі солшыл либералды партия фракциясының жетекшісі Роб Хофланд мұндай радикализмге жеңіл-желпі қарауға болмайтынын мәлімдеді. Өйткені, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа жол береді, деп есептейді. Дерек бойынша Нидерландыдағы жас әйелдердің үштен екісі, студент қыздардың 10%-ы зорланған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды