Франция «жұбайылық парыздан» бас тартады
Франция «жұбайылық парыздан» бас тартады
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Gonzalo Fuentes / Reuters

Франция билігі некелескен жандар арасындағы «жұбайылық парыздан» бас тартуға шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Парламент депутаттары бұл тарапта ерлі-зайыптыларды төсек қатынасы міндетінен босататын заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта аталған еуропалық ел зағнамасында «жұбайылық парыз» туралы нақты ұғым жоқ, алайда, ерлі-зайыптылардың бірігіп өмір сүруін міндеттейтін заң нормасы қолданылады. Десе де кей соттар бұл норманы өз бетінше түсініп, төсек қатынасын да осы міндетке жатқызып жүр. Осы орайда 2019 жылы Версалдың аппеляциялық соты төсек қатынасынан бас тартқан зайыбынан ажырасқысы келетін ер азаматтың шағымын қанағаттандырғанын айта кету керек. Кассациялық сот мұндай үкімді бекітті. 2025 жылдың қаңтар айында ғана сот үкімді француз әйелдің пайдасына шешті. Міне, осы кезеңде бұл бағыттағы француз заңнамасы мұндай қатынасты ескірген көзқарас деп тауып, отбасы қатынасын қайта қарастыра бастаған еді. Егер аталмыш заң жобасы Ұлттық жиналыста қолдау тапса, жазға салым оны Сенат мақұлдап қалуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат