|
Франция мектептерінде шариғат талаптарына сай киінуге тыйым салды
|
Франция билігі мектеп қабырғасында оқушыларға, соның ішінде қыздарға адам денесін тұтас жауып тұратын абаймен, ал ұлдарға камиспен (мұсылман елдерінде ерлер киетін бешпет) келуге тыйым салмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің ұлтты білім берудің жастар істері жөніндегі министрі Габриел Атталға жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Министрдің мәлімдеуінше, мектепте абай мен камис киімі мемлекеттік немесе қоғамдық мекемелердің зайырлылық сипатына қарсы арандатуға шақыратын «діни ишара». Сөз орайы келгенде 2004 жылдың наурыз айының 15-нен бастап күллі Францияның оқу орындарында адамның діни сенімін танытатын діни белгілер мен киімдерге заң жүзінде тыйым салғанын айта кету керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді