Франциядағы иммигранттар арасында саны жағынан алжирліктер бірінші орында тұр
|

Франциядағы иммигранттар құрамы мен саны туралы дерек жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеу институты (INSEE) келтірген дерекке жөн сілтеген HESPRESS English - Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық аталған елде Францияның бұрынғы отары болған алжирліктер саны жағынан иммигранттар арасында көш бастаған - 12,2%; одан кейінгі орынға мароккалықтар жайғасқан - 11,7%; Өткен аптада жарияланған мәліметке сәйкес 2023 жылы Франция 7,3 иммигрант қабылдаған екен. Олардың қарасы жалпы халықтың санына шаққанда шамамен 10,7% болады. Ал олардың 2,5 млн адам (34%) француз азаматтығын алған. Мароккалықтардан кейінгі орынға Португалия лықтар табан тіреген - 7,9%; тунистіктер - 4,8%; италиялықтар - 3,9%. Франциядағы Африка құрлығынан келген иммигранттар қарасының жалпы саны осы елдегі шетелдіктердің 47,7%-на жеткен. Франциядағы иммигранттардың үлкен бөлігі, шамамен 37%-ы Париж аймағында тұрады. Жұмыспен қамтылу деңгейіне келсек, 2023 жылы 15-64 жастағы иммигранттардың 71%-ы жұмысқа тұрған, ал жұмыспен қамтылмаған иммигранттардың арасында ерлердің қарасы - 11% және әйелдердің қарасы - 12%.




