Ғаламдық халал экономика 10 трлн долллардан асты
Ғаламдық халал экономика 10 трлн долллардан асты
13 сағат бұрын 203 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық халал экономикасы тарихи межеге жетіп, 10 триллион доллардан асып түсті. Бұл жайында islam.kz порталы Salaam Gateway ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бұл көрсеткішке ислам қаржысы, халал тағамдары мен сусындар, қарапайым сән, туризм, фармацевтика, яғни, дәрі-дәрмек және косметика кіреді. Саланың сарапшылары ғаламдық экономика үшін 2026 жылды орнықты өсуден неғұрлым терең құрылымдық жетілуге көшуді білдіретін сындарлы жыл ретінде сипаттайды. Шриғат талаптарына негізделген экономикажағы қаржы айналымы кейбір есеп бойынша 2028 жылға таман 15 триллион долларға жетуі мүмкін. Өсім бірнеше факторларға байланысты: әлемде мұсылман халқының өсуі, халал өнімдері туралы хабардар болғандар қарасының көбеюі және әлемдік сауданың маңызды ойыншылары ретінде мұсылман экономикасының пайда болуы. Бұған қоса, сапалы әрі қауіпсіздің стандартына айналған халал өнімдеріне әлемнің барлық түкпірінде мұсылман еместер тарапынан сұраныс жылдан жылға артып келеді. Халал экономикада ислам қаржы секторы осы өсімнің көп бөлігін қамтамасыз етеді, бұл ретте ислам банкінің активтері Парсы шығанағы елдерінде, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында және одан тысқары жерлерде кеңейіп келеді.

0 пікір
Мұрағат