|
Ғалымдар сусамыр дертін анықтайтын микрочип ойлап тапты
|
Стэндфорд университетінің ғалымдары дәрігер Брайан Фельдманның жетекшілік етуімен сусамыр дертін анықтауға көмектесетін микрочип ойлап тапты. Бұл құрылғы арқылы ауруды анықтау үшін тек бір тамшы қанның өзі жетіп жатыр. Ендігі жерде әдеттегі көптеген анализ тапсырудың қажеті болмай қалады. Чип негізінен шынылы пластиннен тұрады. Оған алтын жалатылған. Соның әсерімен флуоресценттік элементтердің белсенділігі артады. Қазіргі уақытта ғалымдар микрочипке патент алуға өтініш беріп қойды. Ал жобаны коммерциялық айналымға шығаруға әзірлеп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады