Гендік терапия мен жасушалық ем-дом саласы ДНҚ нарығын 2034 жылға қарай 21,82 млрд долларға жеткізеді
Гендік терапия мен жасушалық ем-дом саласы ДНҚ нарығын 2034 жылға қарай 21,82 млрд долларға жеткізеді
2 сағат бұрын 36 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Уоррен Умо. Unsplash

Биотехнология саласына құйылатын инвестиция алдағы уақытта Азия-Тынық мұхиты аймағында ДНҚ өндірісін ынталандырады. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғаламдық нарықтың жай-күйін сараптайтын Polaris Market Researchконсалтингтік ұйымының дерегінше, жаһандық ДНҚ өндірісінің нарығы болжам бойынша 2034 жылға дейін 21,82 млрд долларға жетеді. Жыылдық өсу қарқыны 14,62% деңгейін жоғалтпаса. Бұл тарапта Азия-Тынық мұхиты аймағы (Қытай, Үндістан, Жапония және Оңтүстік Корея) көш бастайды. 2024 жылы Солтүстік Америка табысы осы нарықта 47,38% -ға жетті. Бұл ретте Америка құрама штаттары биотехнологиядағы зерттеуді қаржыландыру және генетикалық технологияларды реттеуде Солтүстік Америка құрлығында көш бастады. Еуропа фармацевтикалық зерттеулер мен Horizon Europe бағдарламасы арқылы нарықта белсенділігін сақтаған. Онкология мен регенеративті медицинаға арналған гендік және жасушалық терапияға салынатын инвестиция нарықтағы сұранысты ынталандырады, өйткені, синтетикалық ДНҚ синтетикалық биология зерттеулері мен платформаларында нарықтың ең үлкен үлесіне ие болады. Жасушалық және гендік терапия сегменті 2024 жылы табыстың ең көп үлесін қамтамасыз етті. Бұл сала өнімдерінің негізгі әрі түпкілікті пайдаланушылары - фармацевтикалық компаниялар, биотехнологиялық фирмалар, академиялық мекемелер және зерттеу ұйымдары (CRO).

0 пікір
Мұрағат