|
Голландиядан әкелінген раушан гүлдер өртелетін болды
|
Астана қаласы бойынша ҚР АШМ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Нидерландыдан әкелінген 389 дана залалданған раушан гүлін анықтады. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабар таратты
«Астана Халықаралық Әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде карантиндік тексеру кезінде гүлдерден нұсқалар алынып, Республикалық карантиндік зертханаға жіберілді. Сараптама нәтижесі бойынша гүлді трипс анықталды. Карантиндік объектілермен залалданған өнім кеден, экология өкілдері мен жүк иесінің қатысуымен өртеу арқылы жойылады" делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда батыс (Frankliniella occidentalis) гүл трипсі жабық жерде өсірілетін гүлді, декоративті, көкөніс дақылдарының аса қауіпті зиянкесі болып табылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды