Google қара нәсілділерден не үшін кешірім сұрады?
|

Google компаниясының өкілдері қара нәсілді ғаламтор пайдаланушылардан кешірім сұрады. Өйткені, олардың фото-суреттері жүктелген бағдарлама автоматты түрде «горилла» деген жазуды шығарғаны үшін. Қазіргі уақытта бұл тег жүйеден алынып тасталды, инженерлер адамның түр-түсін тану технологиясын жетілдіру үстінде. Бұл жайында «Arstechnica» ақпарат көзі хабар таратты. Программист Джеки Алсинэ Twitter әлеуметтік желісінде Google Photos-да нәсілдік кемсітушілікке толы өрескел қателік кеткенін жазыпты. Афроамерикалық азамат қосымшаның автоматты түрде өзінің фотоальбомындағы тегін «Горилла» деп шығарғанына наразы. Афроамерикалық азаматтың Twitter әлеуметтік желісіндегі наразылыққа толы бұл жазбасынан бір сағат өткеннен кейін Google компаниясының әлеуметтік сәулетші Йонатан Зунгер одан компания атынан кешірім сұрады.




