Халал азық-түлік экспорты бойынша мұсылман емес ел көш бастады
Халал азық-түлік экспорты бойынша мұсылман емес ел көш бастады
39 минут бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилия Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) елдері үшін әлемдегі ең ірі азық-түлік өнімдерін экспорттаушы ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы HalalFocus ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2024 жылы Бразилия ИЫҰ нарығына 33,3 миллиард долларға азық-түлік жөнелтті. Бұл тарапта Қытайды (32,6 миллиард доллар) басып озған ; Ал Үндістанның ИЫҰ елдеріне 28,7 миллиард долларға азық-түлік экспорттаған; бұл көрсеткіш Құрама штаттарда - 21 миллиард доллар; Түркия - 18,7 миллиард доллар. Дерек 2025/26 жаһандық ислам экономикасының жай-күйі туралы баяндамадан алынып отыр. Халал азық-түлік сегменттің құны 2024 жылы 1,53 триллион долларға жетсе, 2029 жылға қарай 2,06 триллион долларға жетпек болжам бойынша. FAMBRAS Halal Certificadora вице-президенті Әлі Хұсейн әл Зоғби бразилиялық мал ақуызы, әсіресе, құс және сиыр еті саласы үшін халал сертификаттың экспорттық операциялардың стратегиялық бөлігіне айналғанын мәлімдеді. Бұл процесс бүкіл өндірістік тізбектің шариғат талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік береді - шикізатты таңдаудан бастап союға, қайта өңдеуге, сақтауға және тасымалдауға дейінгі тізбекті қамтыған. Діни өлшемнен басқа халал сертификат процедурасы тағам өнімдерінің сапасы, қадағалануы және қауіпсіздігі тұрғысынан, тіпті, мұсылман емес тұтынушылар үшін де сапа кепілдігі ретінде танылады. Халал нарығының эволюциясы жеткізу тізбектерінің қадағалануы мен ашықтығына бағдарланған жаңа технологияларды енгізу қарқынымен де байланысты. Цифрлық құралдар компанияларға өндірістің әрбір кезеңін - ингредиенттердің шығу тегінен бастап өңдеу, тасымалдау және сатуға дейінгі барлық тізбекті бақылауға мүмкіндік береді. Электрондық верификация жүйелері мен QR-кодтар сертификаттарды сәйкестендіруді жеңілдетеді және тұтынушыларға өнімнің шариғат талаптарына сәйкес келетіндігі туралы ақпаратқа жылдам қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат