|
Халал жолмен емдейтін мұсылман дәрігерлер одағы құрылды
|
Ресей Федерациясында тұңғыш рет мұсылман дәрігерлерінің одағы құрылды. Аталмыш бірлестік жетекшісі Рәміл Хисамовтың айтуынша, медициналық білімі бар мамандар, сондай-ақ, медициналық жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген студенттер бұл одаққа мүше бола алады. Жалғыз-ақ шарты: одаққа мүше болғысы келетіндер тек мұсылман болуы әрі діни сауаты болуы тиіс. «Одақ қоғамның өтінішін қанағаттандыру, науқастарды шариғат талабына сай емдеу мақсатында құрылды. Біз Сүннетке сай қалай тамақтану, қалай жату, қалай өмір сүру керектігін түсіндіретін боламыз»,- деді аталмыш одақ басшысы. Қазірдің өзінде аталмыш одаққа мүшелікке өтуге 80-на аса дәрігер өтініш берген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды