|
Халал сертификат жүйесі мемлекеттер саны бойынша ең көп мойындалған ел
|
Малайзия жаһандық халал индустриясындағы позициясын жылдан жылға нығайтып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы The Malaysian Reserve мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сөзімізге оңтүстік-шығыс Азия аймаағында орын тепкен осынау мұсылман елінің халал сертификат жүйесін әлемнің елуден аса мемлекетінің ресми мойындағаны дәлел бола алады. Осылайша аталған ел бірнеше жыл қатарынан ислам экономикасының ғаламдық индикаторында көш бастап, тіпті, исламның бесігі саналатын араб елдерінің өзіне үлгі көрсететін деңгейге көтерілген. Бұл ретте премьер-министрдің орынбасары Датук Сері доктор Ахмет Зәхид Хамит (суретте) елдің мұндай жетістікке халал сертификаттарын беру арқылы ғана емес, сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі өндіріс, дистрибуция және маркетингті қоса алғанда, бүкіл құн жасау тізбегі саласын ққадағалау арқылы жеткенін мәлімдеді. Perda Food Park-та Perda Halal Park деп аталатын өнеркәсіптік даму жобасының іргетасын қалау шарасында.