Халал туризм индустриясы
|

Болжам бойынша 2032 жылға таман мұсылмандарға бағдарланған туризм нарығыың ауқымы 410,9 млрд долларға дейін өседі. Ад бұл көрсеткіш 2023 жылы 256,5 млрд доллардан аспап еді. Бұл жайында islam.kz порталы әл-Жазира ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шариғат талаптарына сай саяхатты зерттеумен айналысатын, Сингапурде орналасқан Crescent Rating ұйымы келтірген дерекке қарағанда, өткен жылдың алғашқы жартысында халықаралық турист мұсылмандар қарасы 80 млн адамға жеткен. Аталмыш компания өкілдерінің есебінше, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 230 млн адамға жетуі ықтимал. Halal Tourism Britain компаниясының негізін қалаған әрі бас директоры Әбдімәлік Тейлордың айтуынша, халал туризм – әлеуеті жоғары игерілмеген нарық. Осылай деген ол бастапқыда мұсылман саяхатшылары қажылыққа және жырақтан отанына сапарлаған. Алғашқы халал қонақ үй Тай елінің аумағында 2017 жылы ашылыпты. Өткен жылдың жаз мезгілінің орта шенінде оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған ел билігі халал индустриясының дамуына арналған жоспарын жария етті. Ал Гонконгтың туризм жөніндегі кеңесі 2024 жылы мұсылман саяхатшыларын тарту мақсатында бірқатар шараларды қолға ала бастады. Инфрақұрылым (мешіт, қонақ үй, т.б.), мәдени іс-шаралар (шариғат талаптарына сай әзірленген тағам фестивалі, т.б.) секілді жобаларды жүзеге асыра бастады. 2019 жылы Тайуан халал туризм бағыты бойынша Crescent Rating тарапынан жоғары бағаға ие болса, Филиппин 2024 жылы бұл нарықтағы мүмкіндігін танытуға кірісті. Әбдімәлік Тейлор күллі әлемде мұсылман саяхатшыларының жылдан жылға артуына ең басты себеп ретінде мұсылмандар санының көбеюін жатқызып отыр. Исі мұсылманның шамамен 70%-ы әлі 40-қа тола қоймаған. Яғни, эконмикалық тұрғыдан белсенді, саяхатқа құмбыл жастағылардан тұрады.




