|
"HALALGUIDE" АУЫЗАШАР МӘЗІРІН ҰСЫНАДЫ
|
Ресей мұсылмандары Рамазан айына арнайы "HalalGuide" жүйесін іске қосты.
Аталмыш жүйе арқылы ауызашар өткізуге ыңғайлы дәмхананы таңдап, оның ас-тағамдары тізімі мен бағасымен танысуға, үстелге арнайы тапсырыс беруге болады.
Сонымен қатар, осы қосымшаның көмегімен тегін ас берілетін Рамазан шатырлары мекен-жайын анықтауға және бұл жайында әлеуметтік желілерде бөлісуге де мүмкіндіктер бар. Ораза желісі Мәскеу, Қазан және Санкт-Петербор қалаларында қолжетімді.
Бұдан бөлек, сайт бетінен ауызашар және сәресі дұғаларын оңай жүктеп алуға, ислам құндылықтары тақырыбында бейнематериалдар қарап, Рамазан айы туралы жаңалықтармен танысуға да болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді