|
Халықтың имамдарға сенімі азайып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді
|
Тәжікстан халқының имамдарға деген сенімі соңғы төрт жылдың ішінде бес есеге құлдыраған. Бұл жайында радиосы аталған елдің Исламтану орталығы жетекшісінің орынбасары Рұстам Әзізге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Оның айтуынша, 2012 жылы халықтың арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша ел тұрғындарының жартысы имамдарға сенім білдірген екен, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 9,7 %-ға дейін төмендеген. "Бұл әлеуметтік құбылыс, бәлкім, қазіргі уақытта адамдардың ақпаратты түрлі көздерден алуынан болар. Бұрын діни ақпаратты тек имамдардан ғана алатын еді ғой. Ендігі жерде сізді толғандырған кез келген сауалдың жауабын ғаламтордан іздейтін болдық қой",- деді сарапшы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады
■
От пен шоқты қолда ұстауға мүмкіндік беретін мөлдір материал жасалды (видео)
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді