|
Харам мешітіндегі кранның құлауынан қаза тапқандар саны 107 адамға жетті (видео)
|
Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс мамандары Твиттер әлеуметтік желісіндегі өздерінің парақшасында хабарлағандай, қасиетті әл-Харам мешітінде кранның құлауы салдарынан қаза тапқандар саны 107 адамға жеткен. Сондай-ақ, 238 адам зардап шеккен. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Апат орын алған жерде құтқарушылардың 68 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Кранның құлауына нөсер мен долы жел себеп болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр