«Харам мешітінен орын алып қою – харам»
|

Харам мешітінен алдын ала орын алып қою – харам. Бұл жайында психикалық денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық қоғамның құқықтық әрі ғылыми кеңесшісі Салех әл-Люһаден мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе кейінгі кезде етек алып барады. Адамдар өзінің қоғамдағы жағдайын, әлеуметтік артықшылығын көрсету үшін әлгіндей ислам дінінде құпталмайтын, менмендік пен тәкаппарлық белгісі болып табылатын орынсыз әрекеттерге жиі баратын болып жүр. Ол Харам мешітінде тек азаншыларға, намазға ертерек келген жамағатқа қана алдын ала орын алып отыруына рұқсат етілетінін жеткізді. Сондай-ақ, ол мұсылмандардың қызметкерлерін немесе балаларын алдын ала жіберіп, орын иеленіп қою тәжірибесіне тыйым салу керектігіне тоқталды. Я болмаса үйінен жайнамазын алып келіп, жайып қою арқылы да орын алып қою тәжірибесіне тыйым салуды ұсынды.




