Хикикоморилер қартайып барады...
Хикикоморилер қартайып барады...
1 сағат бұрын 44 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қартаю процесі қарқын алған елдегі миллиондаған әлеуметтен баз кешкендердің жағдайы қандай болмақ - оларды қарайтын немесе қамқор болатын адамдар өмірден жоғалғанда? Жапония билігі мен қоғамы осынау әлеуметтік сипаты терең құбылысқа бас қатыра бастады. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өмірден, дәлірегі, өмірдің ыстық-суығынан қорғану үшін, әлеуметтен өзін өз еркімен шектегендарр қарасы миллиондап саналады. Олар жылдар бойы пәтерінен аттап баспайды. Азық-түлігін, басқа да керек-жарағын ата-анасы немесе туысы, қамқоршысы жеткізіп береді. Бұрын мұндай жат құбылыс тек жастарға тән болса, бүгінде егде жасқа ойыса бастағандардың да қарасы артып келеді. Күншығыс елінде әлеуметтен баз кешкендерді “Хикикомори” деп айдар тағып атайды. Бүгінде, әлеуметтен баз кешіп, қоғамнан оқшауланғандарға қолдау көрсететін Kazoku Hikikomori Japan үкіметтік емес ұйымының арнайы жүргізген сауалнама нәтижесіне жөн сілтеген Asahi мерзімді басылымының хабарынша, хикикоморилердің орташа жасы 36,9 жасты құрайды. Тіпті, 60 жастағы хикикомориді ата-анасы қараған дерек те тіркелген. Дәлірегі, төрінен көрі жуық, кәріліктен қаусаған әке-шешесінің зейнетақысына ортақтасып келген. 2024 жылы Mainichi газеті полиция мәліметіне сүйене отырып қайтыс болған қарт ата-анасының мәйітін тастап кеткені үшін тұтқындалған орта жастағы адамдардың саны артып келе жатқандығын хабарлады. 50-60 жас аралығындағы күдіктілер саны көп болған, ал хикикоморидің орташа жасы 33,1 жасты құраған. Хикикоморилердің көбісі тергеушілерге «мәйітті не істейтінін білмейтінін» немесе «басқа адамдармен сөйлескісі келмейтінін» айтып ақталған. Бір ер адам 95 жастағы әкесінің мәйітін алты ай бойы қараусыз қалдырған - жерлеу шығынын көтере алмайтынын желеу етіп. Екіншісі қайтыс болған әкесінен зейнетақы ала отырып, алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Постиндустриялық кезеңнен кейін бастау алған мұндай әлеуметтік құбылыс бертінде күллі әлемді оқшаулаған Covid-19 пандемиясы кезінде тереңдеп кетті. Жапония министрлер кабинетінің есебінше, 2013 жылы 1,46 млн адамның, яғни, еңбекке жарамды ел тұрғындарының шамамен екі пайызы үйіне тығылып өмір сүруге көшкені туралы хабарлады. Пандемия басталған 2019 жылдың өзінде 40-46 жастағы хикикоморилер қарасы 613 000-ға жеткен болатын.

0 пікір
Мұрағат