Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
2 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа технология компанияларға өз брендтерін сенімді жолмен қорғауға мүмкіндік береді, ал тұтынушыларға тауардың шынайылығына кепілдік бере отырып, жаһандық нарықты өзгертетін болады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдік индустрия жалған өнімнің салдарынан жыл сайын жүздеген миллиард доллар жоғалтады. Сағаттар, сөмкелер, электроникалық бұйымдар, опа-далап, дәрі-дәрмек, т.б. - іс жүзінде кез келген тауар бүгінде клондалуы мүмкін, яғни, көшірмесі жасалады. Бұл жайт тек қаржылық тұрғыдан шығын келтіріп қоймай, компаниялардың беделін түсіріп, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді, ал жалған электроника немесе дәрі-дәрмектер, тіпті, қауіпті болуы мүмкін. Копенгаген университетінің ғалымдары бұл тығырықтан шығуға мүмкіндік беретін технология әзірледі.

Бірегей сандық іздер

Томас Юст Серенсен есімді химик даниялық кәсіпкерлермен бірге кез келген тауарды «қайта өндірілмейтін» түрге айналдыруға қабілетті O-KEY жүйесін құрды. Айрақша тетік бір қарағанда қарапайым көрінгенімен негізінде күрделі жүйе: бір миллиметр өлшеміндегі белгі ұсақ бөлшектерден тұратын бір миллиметрге мөлдір сиямен салынады. Әрбір белгі кездейсоқ түрде, яғни, «шыныдағы құмшекер» қағидаты бойынша жасалады, сондықтан үлгіні қайталау мүмкін емес. Бұл белгілер кәдімгі смартфонмен сканерленіп, тауардың түпнұсқа екенін айғақтайтын дәлеліне айналуы мүмкін.

Нақты қолданылуы

Бұл әдіс түрлі түстерден кездейсоқ және бірегей өрнек жасайды, оны көшіру мүмкін емес. O-KEY жүйесін алғаш болып даниялық фарфор өндіруші Royal Copenhagen бренді енгізді. Ерекше жүйе өнімді әр кезеңде - фабрикадан бастап соңғы сатып алушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде O-KEY белгілері тек фарфор үшін ғана емес, сонымен қатар, дизайнерлік фигуралар, халықаралық қауіпсіздік тауарлары мен премиум брендтер үшін де қолданылады.

Технологияның ғылыми негізі

Өзгеше жүйе аталмыш университетте материалдар химиясы бойынша талай жылғы зерттеулерге негізделген. 2016 жылы Сёренсен Франциядағы конференцияда PUF тұжырымдамасы туралы естіді және тауарлар үшін қалпына келтірілмейтін «саусақ ізін» жасау идеясына ден қойды. Екі жылға созылған зерттеу негізінде PUFIN-ID компаниясы құрылды. Бүгінде компания шағын топпен IT-инфрақұрылым мен таңбалау машиналарын, сондай-ақ, барлық цифрлы кеңістіктегі іздерді қадағалайтын және басқаратын жасанды зерде базасында осындай жүйені құрды.

0 пікір
Мұрағат