|
Христиан еліндегі балабақшаларда доңыз еті берілмейтін болды
|
Германияның Лейпциг (Саксония) қаласындағы балалар бақшасында бұдан былай құрамында доңыз еті бар шұжық, тартылған еттен жасалған тағамдар, т.б. берілмейтін болды. Аталмыш қаладағы балабақша басшылары мұндай қадамға қоғамның өзгеруіне байланысты барып отырғандарын мәлімдеді. Жаңа ереже тек астың белгілі бір бөлігіне ғана емес, сонымен қатар, тәттілерге де қатысты қолданылады. Атап айтқанда, құрамында желатин кездесетін тәттілер балабақшадағы балаларға берілмейтін болды. Мәселен, аталған ел аумағында кең тараған Gummibärchen мармелады ендігі жерде балабақшаның ас мәзірінен алынып тасталады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды