Христиандарға қатысты жаңа жоба христиандар құқығын бұзу фактілеріне жол бергендер индексіне негізлеген
Христиандарға қатысты жаңа жоба христиандар құқығын бұзу фактілеріне жол бергендер индексіне негізлеген
1 сағат бұрын 27 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралияда христиан белсенділері елдегі христиандардың наным-сенім бостандығын шектейтін қандай да бір фактілерді тіркейтін әрі ел билігінің назарын осындай заңсыздықтарға аударуға бағытталған жобаны іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Christian Daily ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Canberra Declaration ұйымы таяуда Австралияның христиандардың бостандық индексін (ACFI) ұсынды. Бұған қоса, елдегі 2025 жылғы христиандардың хал-жағдайы туралы 40 парақты баяндама жарияланды. Айрықша жоба авторлары діни құқықтарды бұзу фактілері тіркелетін әрі жиналатын дерекқор құратындарын мәлімдейді. Олар христиандар құқығының бұзылғанын қалай анықтайды? Ең алдымен, сауалнама жүргізбек. Бұдан бөлек, қысым көрсетудің нақты фактілерін тіркеуді жоспарлап отыр. Олардың айтуынша, мұндай индекс билікке проблеманың қаншалықты ауқымды екенін көрсетуі тиіс. Бастама көшбасшыларының бірі Курт Малбург жаңа индекс түрлі деректерді біріктіретінін және елдегі христиандардың жағдайының толық көрінісін беруді көздейтінін атап өтті. Аталмыш қозғалыстың тағы бір өкілі Уоррик Марш ел арасында киелі кітапты уағыздау еркіндігінің аясы тарылып келе жатқанын атап өтті. Австралиядағы христиандардың кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін дәлелдеу үшін жиналған материалдарды саясаткерлерге ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға бел буып отыр. Жоба авторларының бірі бұл тараптағы басты қиындықтардың бірі ретінде «үнсіздік ережесінің» қоғамда «жазылмаған заңға» айналғанын алға тартып отыр. Ол туралы парламенттің бұрынғы депутаты Жорж Кристенсен мәселе көтерген болатын. Оның айтуынша, діндарлар қысым көрмесі үшін, жұмыссыз қалмау үшін немесе өзіне қарсы шағымдармен бетпе-бет келмеу үшін гендер, бала тәрбиесі және білім беру сияқты тақырыптар бойынша өз ұстанымдарын білдірмеуді жөн көреді. Яғни, үнсіз қалғанды жөн көреді. Баяндама авторлары нақты жағдайларға да назар аударған. Мысалы, христиан мектептеріне дінге қырын қарайтын қызметкерлерді жұмысқа алуды талап ету де ақылға сыймайды. Ол ол ма, медицина қызметкерлерін түсік жасатуға және эвтаназияға қатысуға мәжбүрлейтін заңдар да христиандардың сеніміне қайшы. Сонымен қатар, түсік жасалатын емханалардың жанында көше уағызына шектеу қойылады. Христиан белсенділері наным-сенім бостандығы тек шіркеуге бару құқығымен ғана шектелмеуі керектігін алға тартып отыр. Діни сенім қоғам өмірінде еркін көрініс табуы керек, деп есептейді. 

0 пікір
Мұрағат