|
Йеменде жылына 2 млн жүкті әрі бала емізетін әйел аштықтан опат болып отыр
|
Сириядан кейін соғыстың зардабын қаттты тартқан Йемендегі гуманитарлық дағдарыс өзінің шарықтау шегіне жетті. Аталған елде 22 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Азық-түлік тапшылығынан жылына аталған елде 2 млн-ға тарта жүкті әйел мен бала емізуші әйел опат болады екен. Біріккен Ұлттар Ұйымының әлем халқы қоры (UNFPA) келтірген дерекке қарағанда, ашқұрсақ жүрген әйелдер жиі түсік тастайды немесе құрсағындағы шаранасы өлі туады. Сондай-ақ, аяғы ауыр әйелдерді күтетін әрі босандыратын білікті мамандар, яғни, акушерлер тапшылығынан да көз жұмып жатқан әйелдер қарасы көп.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай Интернет үшін міндетті цифрлық идентификаторды енгізді. Қытай неге азаматтарға «цифрлық бедел» енгізді
■
Химиктер тауардың жасанды көшірмесін жасауға жол бермейтін технология ойлап тапты
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Қорғаныс саласына арналған акциялар жартылай өткізгіштер акциясын басып озды
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты